Зариф: «Алтылық» елдері «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын орындау қажеттігін қуаттады
ИИР Сыртқы істер министрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысына тоқталып: «Бұл отырыста аталмыш бағдарламаны толық сақтау қажеттігі және оның қайта талқыланбайтыны қуатталды»,-деді.
«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы ортақ комиссиясының Сыртқы істер министрлер деңгейіндегі отырысы жергілікті уақыт бойынша сәрсенбі күні БҰҰ-ның Нью-Йорктегі резиденциясында өтті.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні кешке осы отырыстан кейін: «АҚШ-тан басқа «алтылық» тобына мүше елдер (Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай мен Германия) «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын толық сақтау қажеттігін, оның қайта талқылауға жатпайтынын, барлық тараптардың халықаралық қауымдастықтың осы жетістігіне берік болуы қажеттігін қуаттады.
Иран бұл отырыста «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы орындала бастағаннан бері, әсіресе АҚШ-тың жаңа үкіметі кезінде осы елдің аталмыш келісімді бұзған жайттары жайлы баяндады.
АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамады. АҚШ Президенті тарапынан БҰҰ Бас ассамблеясында айтылған ерсі сөздер бұл елдің халықаралық қауымдастықтағы шындықтардан алшақ екенін көрсетеді»,-деді.