Брюссельдегі бір үйден бомба мен ИСИМ-нің байрағы табылды
Бельгия прокуратурасы Брюссельдегі лаңкестік оқиғаға қатысты күдіктінің үйінен бомба мен ИСИМ-нің байрағының табылғанын мәлімдеді.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейсенбі күні кешке Бельгияның полиция қызметкерлері Брюссельдегі бір үйді тінткен кезінде ИСИМ-нің байрағы мен бір бомба тапты.
Бельгияның бас прокуроры Фредерик Ван Лёв Брюссель мен Париждегі жарылыстардың арасындағы байланыс мәселесін тергеу жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады.
Брюссельдегі күдікті лакңкестердің өзімен бірге ИСИМ-нің жалауын алып жүргені алғашқы рет емес. Біраз бұрын Бельгиядағы бір прокурор өткен күндері Бельгия полиция қызметкерлерінің лаңкестікке қарсы амалдары барысында өлтірілген күдікті адамның қолында ИСИМ-нің байрағы болғанын мәлімдеді.
Бельгия бас прокуратурасының өкілі Тьери Вертс өзінің апталық баспасөз маслихатында Алжирде дүниеге келген бұл айыптының есімі Балғаид Мұхаммад екенін және оның Бельгияда заңсыз жүргенін мәлімдеді.