Адель әл-Джубейр БҰҰ-ның Бас ассамблеясында өз елінің кінәсін Иранға жапты
(last modified Sun, 24 Sep 2017 07:48:10 GMT )
Қыр 24, 2017 13:48 Asia/Almaty
  • Адель әл-Джубейр БҰҰ-ның Бас ассамблеясында өз елінің кінәсін Иранға жапты

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі эр-Риядтың Йеменге қатысты диалогты қолдайтыныны туралы күлкілі сөздер айтып: «Иран Йеменнің Ансаролла қозғалысын қолдау арқылы аймақтың тұрақсыздануына себеп болып отыр»,-деген уәж айтты.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрінің бұл сөздері Йемен екі жылдан астам уақыт бойы АҚШ пен Израильдің жан-жақты қолдауына ие Сауд Арабиясының айуандық шабуылдарының нысанасына айналып отырған жағдайда айтылды.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейр сенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының саммитында АҚШ Президенті мен сионистік режим Премьер-министріне жақтасып, аймақта лаңкестермен күрестің негізгі полюстерінің бірі саналатын ИИР-ын лаңкестерді қолдап отыр деп айыптады.

Сонымен қатар, Халед бен Ахмад Але Халифе де сенбі күні кешке БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында қоғамдық пікірді Бахрейндегі шиіттердің Халифе әулеті режимі тарапынан кең түрде басып-жаншылып жатқанынан алдарқату үшін: «Иран аймақ елдерінің ішкі істеріне араласады»,-деген уәж айтты.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Халифе әулеті режимі басшыларының Иранға қарсы уәждеріне жауап беріп: «Бахрейн режимі үнемі өз кінәсін өзгеге жауып, көршілес елдерді айыптағанша, халықаралық қауымдастықтың қарсылас топтардың жетекшілерімен келіссөздерді бастау туралы кеңестеріне оң жауап берсін»,-деді.