Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу деген таңдау жолына ие
https://itolqyn.com/news/world-i31067
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф CNN ақпарат арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу ықтималдығына көрсететін реакция жайында: «Иран әртүрлі таңдау жолдарына ие, соның ішінде «Ортақ қадам» жан жақты бағдарламасынан шығу және бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламаға тез арада қайта оралу бар»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 24, 2017 14:13 Asia/Almaty
  • Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу деген таңдау жолына ие

ИИР Сыртқы істер министрі Зариф CNN ақпарат арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу ықтималдығына көрсететін реакция жайында: «Иран әртүрлі таңдау жолдарына ие, соның ішінде «Ортақ қадам» жан жақты бағдарламасынан шығу және бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламаға тез арада қайта оралу бар»,-деді.

Мұхаммад Джавад Зариф CNN телеарнасының жүргізушісі Фарид Закарияға берген сұхбатында «АҚШ «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасынан шыққан жағдайда Иран қандай реакция көрсетеді?» деген сауалға: «Иран көптеген таңдау жолдарына ие. Келісімнен шығу, ядролық бағдарламаға жылдам қайтып оралу және өз еркімен қабылдаған ядролық шектеулерді алып тастау солардың қатарына жатады»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрі Иранның қорғаныс саласындағы қажеттіліктері жайлы Сауд Арабиясының бірнеше ай бұрын Дональд Трамптың осы елге сапары барысында өте ірі сомаға қару-жарақ сатып алғанына тоқталып: «Иран өзіне қажетті әскери құрал-жабдықтарды, соның ішінде  зымырандық кешендерді өзі жасайды. Бұл Батыс пен АҚШ-тың ашу-ызасын тудырып отыр»,-деді.

Осы сұхбаттың келесі бір бөлігінде Закария Иран Сыртқы істер министрінен «Сіз Дональд Трампқа қандай жолдау айтасыз?» деп сұрағанда ол: «Менің ойымша, шындыққа көңіл аудару АҚШ үшін пайдалы болады»,-деп жауап берді. Ол аймақ жағдайының айқын да ашық екенін, өткен 40 жылда осылай болғанын айтып: «Өкінішке орай, АҚШ осы шындықтарға көзжұмбайлық танытуға шешім қабылдады. Сол себепті сәтсіздікке ұшырады»,-деді.