Солтүстік Кореяның астанасында АҚШ-қа қарсы шеру өтті
(last modified Sun, 24 Sep 2017 15:18:11 GMT )
Қыр 24, 2017 21:18 Asia/Almaty
  • Солтүстік Кореяның астанасында АҚШ-қа қарсы шеру өтті

Солтүстік Кореяның ондаған мың азаматы Пхеньянның Ким Ир Сен алаңында наразылық шеруіне шығып, АҚШ Президентінің БҰҰ Бас ассамблеясында осы елдің басшысына қарсы сөйлеген сөзін сынады.

Бұл шеруге қатысушылардың кейбіреуі Солтүстік Кореяның лидері Ким Чен Ынның соңғы сөзіндегі ұстанымдарын қолдады. Трамп БҰҰ-да сөйлеген сөзінде Солтүстік Кореяның лидері Ким Чен Ынды «зымыран адам» деп атап: «Ол өзін өлтіру кезеңіне аяқ басты»,- деді.