Американың қаруы лаңкестер мен диктаторлардың, қылмыскерлердің қолына түседі
(last modified Mon, 25 Sep 2017 12:16:35 GMT )
Қыр 25, 2017 18:16 Asia/Almaty
  • Американың қаруы лаңкестер мен диктаторлардың, қылмыскерлердің қолына түседі

Саяси мәселелердің сарапшысы Американың жаңа заңдарын күшіне енгізген жағдайда осы елде жасалған қарулардың лаңкестер мен диктаторлардың және қылмыскерлердің қолына түсетінін айтты.

Саяси мәселелердің сарапшысы Джош Рогин The Washington Post газетінде Америка президенті Дональд Трамп үкіметі жақында жариялайтын жаңа заңдарға сәйкес, америкалық қаруларды адам құқығын бұзушылардың, лаңкестер мен қылмыскер топтардың қолынан табуға болатынын мәлімдеді.

Америкадағғы халықаралық саясат орталығындағы қару және қауіпсіздік жобасының директоры Вильям Хартунг та: «Трамп Америкада өндірілген қаруларды бұзық адамдардың қолына түсіретін саясатты жүзеге асыруда» деді.

Америкалық заң шығарушылар Трамптан Америка әлемде қарумен байланысты қылмыстарға серік болудан бұрын оның салдарларына назар аударуды сұрады.