Рухани мен Путин аймақтағы оқиғалар жайлы сөйлесті
ИИР-ның президенті Ресей президентімен телефон арқылы сұхбатта Теһран-Мәскеу байланыстарын кеңейтуді құптап, екі ел байланыстарының жүзеге асырылып жатқан жобаларды ілгерілету арқылы бұрынғыдан бетер нығая түсетінін қуаттады.
Хасан Рухани бүгін дүйсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сұхбатта Теһранда жақында өтетін Иран мен Ресей және Әзірбайжан республикасы президенттерінің отырысын тілге тиек етіп, Иранның Ресей мен Әзірбайжан республикасымен арадағы байланыстарды өте маңызды санайтынын, отырыста үш елдің көңіл аударатын мәселелерінің күн тәртібінде болатынын ескерді.
Рухани Иран мен Ресейдің Сирия тақырыбы мен Астана отырысын қадағалаудағы ортақ ұстанымдарына тоқталып: «Бүгінде бүкіл әлемнің назары Қазақстанның бас қаласы Астанадағы Сирия бейбітшілік келіссөздері мен Сириядағы Иран мен Ресейдің сындарлы серіктестігіне шоғырланған» деді.
Иран президенті аймақ елдерінің аумақтық тұтастығын сақтау мен шекараларды өзгертпеудің маңыздылығын қуаттап, Ирактағы қазіргі өзгерістерге сілтеме жасап: «Аймақтың қауіпсіздігі мен Ирактың аумақтық тұтастығы және ұлттық бірлігінің сақталуы Иран үшін өте маңызды. Осы саладағы аймақ елдерінің үндестігі мен бірлестігі өте әсерлі болады» деді.
Ресей президенті Владимир Путин де телефон арқылы орнаған сұхбатта Мәскеудің Теһранмен жан-жақты байланыстарды кеңейтудегі ерік-жігерін баса айтып, жүзеге асырылып жатқан жобаларды жылдамдатуды байланыстарды бұрынғыдан бетер нығайту жолында өте әсерлі деп бағалады.
Путин сонымен қатар Астанда жуырда өткен Сирия туралы отырыстарға тоқталып, сол отырыстардағы Теһранның сындарлы ұстанымын мадақтап: «Екі елдің Түркиямен бірге Сирия мәселесіндегі ортақ серіктестіктері Сирияда тыныштық орнап, лаңкестерді жойғанға дейін жалғасатын болады» деді.
Ресей президенті де Ирактың орталық үкіметі мен осы елдің аумақтық тұтастығына қолдау танытты.