Ресей мен Иранның бастамасы Сирияға дағдарысының шешілуіне үміт сыйлады
(last modified Tue, 26 Sep 2017 14:31:16 GMT )
Қыр 26, 2017 20:31 Asia/Almaty
  • Ресей мен Иранның бастамасы Сирияға дағдарысының шешілуіне  үміт сыйлады

Ресейдің Сыртқы істер министрі: "Иран, Ресей және Түркияның бастамасымен ҚР-ның бас қаласы Астанада өтіп жатқан Сирия келіссөздері Сирияның үмітіне айналды",-деді.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің интернет торабының мәліметі бойынша осы елдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров дүйсенбі күні кешке хиджри қамари жылының басталуына орай Мәскеуде өткен ислам елдерінің елшілері қатысқан рәсімде Астана келіссөздерінің Сирияның жағдайының жақсаруына үміт сыйлайтынын айтып: "Астанадағы Сирия келісөздері төрт аймақта, соның ішінде Сирияның оңтүстігінде АҚШ пен Йорданияның атсалысуымен қауіпсіз аймақ қалыптастыру туралы келісімге қол жеткізуге мүмкіндік қалыптастырды.

Бұл аймақтарда қатыгездік әрекеттер азайып, қираған әрі бүлінген орталықтар мен маңызды инфрақұрылымдарды  жөндеу ісі басталды. Адамдардың жағдайы да жақсарып келеді",-деді.