Трамп Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына беріктігін жарияламауы мүмкін
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф: АҚШ Президентінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына дұшпандық ұстаным көрсетуіне тоқталып: «Трамп қазан айындағы есебінде Иранның ядролық мәселеге қатысты келісімге беріктігін жарияламауы мүмкін»,- деген болжам айтты.
Трамп үкіметі АҚШ-тың заңдары бойынша қазанның 16-ына дейін елінің Конгресіне Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына берік болуы немесе оны бұзуы туралы есеп беруі керек.
Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні «Financial Times» және «Guardian» газеттеріне берген сұхбатында: «Егер АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзса, ИИР осы ядролық келісімде қарастырылған шектеулерді орындауға міндетті болмайды»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрі Еуропадан АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзып, Иранға қарсы санкцияларына оралған жағдайда санкцияларды орындауға қарсы тұруды сұрады.