ИСИМ-нің 400 мүшесі лаңкестік шабуылдар жасау үшін Еуропаға жөнелтілді
(last modified Thu, 24 Mar 2016 10:50:15 GMT )
Нау 24, 2016 16:50 Asia/Almaty
  • ИСИМ-нің 400 мүшесі лаңкестік шабуылдар жасау үшін Еуропаға жөнелтілді

ИСИМ өзінің 400 мүшесін шабуыл жасау үшін Еуропаға жөнелтті.

Associated Press-тің Парижден хабарлауынша, қауіпсіздік басшылары ИСИМ лаңкестік ұйымының кем дегенде 400 күшін жаттықтырып, лаңкестік шабуылдар жасау үшін еуропалық елдерге жөнелткенін хабарлады.

Америкалық ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, еуропалық және ирактық қауіпсіздік қайраткерлері Батысқа шабуыл жасау мақсатында арнайы жаттықтыру лагерьлерінің жұмыс жасап жатқанын хабарлады.

Осы қауіпсіздік қайраткерлерінің айтуынша, ИСИМ осы соғысқұмарларға өз міндеттерін атқару үшін лайықты мекен, мезгіл мен тәсіл табуға бұйрық берген.

Тегтер