Табиғи апаттар кезінде зардаптардың көлемін азайту тақырыбына арналған конференция Бакуде басталды
(last modified Tue, 03 Oct 2017 02:59:37 GMT )
Қаз 03, 2017 08:59 Asia/Almaty
  • Табиғи апаттар кезінде зардаптардың көлемін азайту тақырыбына арналған конференция Бакуде басталды

«Азияда табиғи апаттарды азайту» орталығының басшысы Азияның алдағы жылдары табиғи апаттарды азайту үшін операциялық бағдарламаны қажет ететінін мәлімдеді.

Профессор Масанури Хамада Бакуде «Азиядағы тосын апаттардың зияндарын азайту» тақырыбындағы конференцияның басталу рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Азияда табиғи апаттарды азайту үшін 20 жылға арналған операциялық бағдарлама қажет»»деді.

Ол Азидағы табиғи апаттардың салдарларына тоқталып: «Табиғи апаттардан туындайтын зияндардың мөлшерін азайту бағытында адамдар дағдарыс жағдайы орын алған кезде көбірек қауіпсіздікке ие болып, олардың тыныштығына негіз әзір болуы үшін ең жақсы шешім жолдарын табуымыз керек» деді.

Әзірбайжан республикасының Төтенше оқиғалар министрлігі мен «Азиядағы төтенше оқиғалардың зардаптарын азайту орталығы» және Жапония үкіметінің серіктестігімен өткізілетін екі күндік конференцияға қатысушылар табиғи апаттар орын алған кездегі мемлекеттердің серіктестігі, зардаптар мен зияндарды төмендету жолдарын пайдалану және табиғи апаттарға байланысты басқа да тақырыптар туралы пікір алмасады.