Ұлыбританиялық өнерпаздар Сауд Арабиясына қару сатуға наразылық білдірді
Ұлыбританиялық өнерпаздардың бір тобы хат жолдап, ел үкіметінен Сауд Арабиясына қару сатуды тоқтатуды талап етті.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ұлыбританияның танымал актерлері мен музыканттары, режиссерлері мен жазушылары дүйсенбі күні өз елінің үкіметіне жолдаған хатта Йемендегі адами апатқа алаңдаушылық білдіріп, Сауд Арабиясына қару сатуды дереу тоқтатуды сұрады.
Oxfam қайырымдылық ұйымының үйлесімділік жасауымен The Guardian басылымында жарияланған хатта: «Британиялық азаматтар ретінде Лондонның Йеменге қатысты саясаттарына үнсіздік таныта алмаймыз. Британияның бомбалары мен қарулары Йемендегі қақтығыстар мен соғыстың артуына себеп болуда»,- деп жазылған.
Ұлыбританиядағы қоғамдық топтар мен тәуелсіз саясаткерлердің наразылықтарына қарамастан, Сауд Арабиясының Йеменге қарсы шабуылдары басталғаннан бері Лондон Риядқа төрт миллиард фунттан астам сомаға қару сатты.