Путин "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын толығымен қолдайды
РФ Президенті Мәскеудің Иранмен ядролық келісімді бұрынғысынша қолдайтынын, ИИР-ын Ресейдің ертеден келе жатқан серіктесі санайтынын мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, РФ Президенті Владимир Путин сәрсенбі күні осы елдің Энергетика апталығының ашық отырысында: "Қазіргі таңда Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын орындап отыр. АҚХА да мамандандырылған беделді ұйым ретінде мұны растады.
АҚХА-нің барлық есептері Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін толық орындағанын көрсетіп отыр.
Мәскеу бұл есептерді қабылдайды әрі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын да бұрынғыдай қолдайды",-деді.
РФ Президенті барлық елдердің егемендігі мен сыртқы саясатына әрдайым құрметпен қарайтынын айтып: "Иран – Ресейдің ертеден келе жатқан көршісі әрі серіктесі. Ресей бұл елмен байланысын қатты бағалайды",-деді.