Жапония премьер-министрі мен АҚШ президенті Солтүстік Кореяға қарсы келісті
Жапония премьер-министрі мен АҚШ президенті телефон арқылы сұхбатта Солтүстік Кореяға қарсы екіжақты ынтымақтастық жөнінде келісімге келді.
Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ бейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сұхбатта Жапонияның АҚШ-тың Солтүстік Кореяға қарсы ұстанымдарына қатысты 100 пайыз адалдығын білдіріп, Пхеньянның зымырандарын қатер деп атады.
Трамп Жапонияны АҚШ-тың шынайы досы деп атап, өзінің жақын арада Жапонияға сапармен баратынын хабарлады.
Сондай-ақ Жапония премьер-министрі Ұлыбритания мен Канада басшыларымен да Корей түбегі дағдарысы жайлы сұхбаттасты.
АҚШ Корей түбегіндегі текетірестердің артуында негізгі рөл атқарады және үнемі Солтүстік Кореяның әскери және ядролық сынақтарын тоқтатуын сұрап келеді.
Бірақ, Пхеньян АҚШ пен оның одақтастары Солтүстік Кореяға қарсы қоқан-лоққы жасауын жалғастыратын болса, өзінің әскери әлеуеттері мен алдын-ала шабуыл жасау қабілетін нығайтуды жалғастыратынын бірнеше рет қуаттады.