Мәскеу Иранға жолаушы тасымалдайтын Sukhoi Superjet 100 ұшағын сатуға әзірлігін мәлімдеді
(last modified Sat, 07 Oct 2017 16:47:47 GMT )
Қаз 07, 2017 22:47 Asia/Almaty
  • Мәскеу Иранға жолаушы тасымалдайтын Sukhoi Superjet 100 ұшағын сатуға әзірлігін мәлімдеді

Ресейдің Өнеркәсіп және Сауда министрі Мәскеудің Иранға жолаушы тасымалдайтын Sukhoi Superjet 100 ұшағының америкалық қосалқы бөлшектерді алмастыратын бөлшектер сату мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеді.

Ресейдің Өнеркәсіп және Сауда министрі Денис Мантуров өз елі үкіметінің Иранға осы ұшақтарды экспорттау үшін Вашингтонның келісімінсіз-ақ америкалық қосымша бөлшектерді басқалармен алмастыру мүмкіндігін қарастыруды күн тәртібіне қойғанын мәлімдеді.

Мантуров Американың Қазына ұйымының шетелдік мүліктерді бақылау кеңсесіне жазған хатта Иранға жолаушы тасымалдайтын Sukhoi Superjet 100 ұшағын сату үшін келісім беруді сұрағанын айтты

Ұсынылған техникалық және мамандандырылған мәліметтерге сәйкес, Sukhoi Superjet 100 ұшағы – Airbus заманауи ұшақтарынан ешбір айырмашылығы жоқ жүз кісілік алғашқы ұшақ. Ол электронды түрде басқарылады. Сол себепті, ұшқыштарға салмақ аз түскенімен, өте жоғары нақтылыққа ие.  

Бұл ұшақ – Батыс пен Шығыстың ұшақ өнеркәсібінен құрылған топтың серіктестігінің өнімі. 

 

Тегтер