Трамп ядролық келісімге тағы наразылық білдірді
АҚШ Президенті: "Менің пікірімше, ядролық келісім Иранның ядролық қаруға қысқа уақытта жетуіне себеп болады",- деді.
АҚШ Президенті Дональд Трамп сенбі күні кешке көрсетілген TBN арнасына берген сұхбатында ядролық келісімге наразылық білдіріп, Иранды ядролық келісімге табанды емес деп айыптап: "Иран Солтүстік Кореямен жөнсіз қарым-қатынас орнатып, бұл елмен сауда жасауда.
Иран мен Солтүстік Корея қарым-қатынастарының "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысы жоқ болғанымен өзінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы екені туралы уәж айтты.
Трамп Иран мен "алтылық" тобының ядролық келісімін сынап, алдағы күндері ядролық келісім туралы шешімін жариялайтынын айтты.
Трамп қазанның он бесіне дейін Конгреске Иранның ядролық келісімге табандылығы туралы жариялау мұрсатына ие. АҚШ-тың ақпарат құралдары АҚШ Президенті Иранның ядролық келісімге табанды болмағаны туралы жариялап, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты АҚШ-тың міндетін анықтауды Конгрестің мойынына артады деп болжам жасауда.