Босқын рохинья мұсылмандарының бір тобы Бангладешке барар жолда қаза болды
(last modified Mon, 09 Oct 2017 08:16:12 GMT )
Қаз 09, 2017 14:16 Asia/Almaty
  • Босқын рохинья мұсылмандарының бір тобы Бангладешке барар жолда қаза болды

Мьянманың босқын рохинья мұсылмандарының бір тобы Бангладешке мәжбүрлі түрде көшу барысында тасымалдаушы қайықтың шекаралық өзенде аударылуы салдарынан қаза болды.

Press TV телеарнасының дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Бангладешке кетуге мәжбүр болған босқын рохинья мұсылмандарын тасымалдаушы бір қайықтың Наф шекаралық өзенде аударылуы салдарынан кемінде он екі адам қаза болып, көптеген босқын іс-түссіз жоғалып кетті.

Xinhua ақпарат агенттігі де босқын рохинья мұсылмандарын тасымалдаушы қайықтың аударылу оқиғасынан зардап шеккен құрбандардың ішінен он бір адамның мәйіті табылып, олардың жеке бастары анықталғаны туралы хабарлады.

Мұның алдында да онға жуық рохинья мұсылмандары тасымалдаушы қайықтың Бангладешке барар жолда аударылуы салдарынан қаза тапқан болатын.

Мьянмадағы рохинья мұсылмандарын өлтіруге қатысты аймақтық және халықаралық ескертулерге қарамастан, ақпарат көздері бұл аймақтағы мұсылмандарды қырып-жою үдерісінің жалғасып жатқаны туралы хабарлап отыр.

Мьянмадағы Әскер мен әсірешіл буддалықтар рохинья мұсылмандарын өлтіруді жалғастыруда. Сол себепті, мұсылмандардың Бангладешке қарай бас сауғалау және қашу үдерісі күнен-күнге артуда.