Иранның БҰҰ-дағы өкілі АҚШ-ты сынады
https://itolqyn.com/news/world-i31513-Иранның_БҰҰ_дағы_өкілі_АҚШ_ты_сынады
Иран Ислам Республикасының БҰҰ-дағы өкілі АҚШ-тың Иран мен "Ортақ қадам" бағдарламасына қарсы дұшпандық әрекеттерін сынады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 09, 2017 14:35 Asia/Almaty
  • Иранның БҰҰ-дағы өкілі АҚШ-ты сынады

Иран Ислам Республикасының БҰҰ-дағы өкілі АҚШ-тың Иран мен "Ортақ қадам" бағдарламасына қарсы дұшпандық әрекеттерін сынады.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның БҰҰ-дағы өкілі Ғоламали Хошру New York Times басылымының бас мақаласында АҚШ президенті Дональд Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты қате сөздерін санамалап: ""Ортақ қадам" бағдарламасы – Қауіпсіздік кеңесінің қарары мен ядролық қаруларды таратпау туралы халықаралық режимге негізделген келісім. Иран ядролық қаруларға қол жеткізуді немесе оларды жетілдіруді көздемейді. Мұндай сырты ғана көркем сөздер Иранның басқа көптеген елдер ие тежегіш күш деп аталатын әскери технологияларды дамыту үдерісін тоқтата алмайды",- деді.