"Кац жобасы" – АҚШ-тың маңдайына бағытталған екі нысаналы жебе
(last modified Mon, 09 Oct 2017 09:47:13 GMT )
Қаз 09, 2017 15:47 Asia/Almaty

АҚШ президенті Дональд Трамп «жаман келісім» немесе нақтырақ айтсақ, «Америка тарихындағы ең жаман келісім» деп атаған келісімнен айналып өтіп, допты қарсыластың алаңына жіберу үшін көп талпыныс жасап жатыр.

Шамамен екі ай бұрын АҚШ Конгресі көпшіліктің оң дауыс беруімен заң жобасын бекіткен болатын. Бұл заң жобасының ауқымдылығы соншалықты, ол "санкциялардың анасы" немесе "Кац заңы" деп танымал болды. Аталмыш заң жобасы бір айдан соң жүзеге асырылып, АҚШ президентіне "Ортақ қадам" бағдарламасын айналып өтіп, жаңа сылтаулармен "Ортақ қадам" арқылы күші жойылған санкцияларды қайтару үшін жол ашуы тиіс болған. Сонымен қатар, бұл заң жобасы Трампқа жаңа санкциялар жариялауға рұқсат береді.

"Кац жобасы" деген атаумен танымал болған АҚШ басқарушы органының "Ортақ қадам" бағдарламасына қарсы және санкция жариялау жоспарының негізгі назары Ислам республикасының қорғаныстық әлеуеті мен қару-жарақ мәселесі мен Иранның Қарулы күштеріне соққы беруге бағытталған болатын. Осы жоспарға сәйкес, Иранның баллистикалық зымырандық бағдарламасына қатысы бар тұлғалар мен олармен сауда-саттықпен айналысатын адамдар санкцияға ілінеді.

"Кац" санкциялар жобасы көтерілген өткен айларда АҚШ-тың кейбір ақпарат көздері бұл жоба Ресейге қарсы санкция жариялауға қатысты тармақтарды қамтығандықтан, сондай-ақ АҚШ президентінің осы жобаның мазмұнына қатысты өз көзқарасын таңуға байланысты өкілеттігін шектеулі санағандықтан бұл жобаның Ақ үйдің қалауынан шықпайтыны туралы мәлімдеген болатын.

Бірақ, АҚШ-тың Сенаты мен Өкілдер палатасындағы республикашылар мен демократтарды қамтитын америкалық заң шығарушылардың осы жобаға қатысты консенсусқа келуін ескеретін болсақ, тіпті Трамп бұл заң жобасына қол қоймағанның өзінде ол жобаның заңға айналуы әбден мүмкін деп болжам жасалған болатын.

"Кац" заңына қатысты қызық жайт, ол Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының басшылары мен олармен байланыстағы адамдарға лаңкестікті қолдайды деген жалған әрі қисынсыз уәждермен санкция салынып, лаңкестік ұйымдардың тізіміне енгізілуінде. Бұл жоба жүзеге асырылғаннан 90 күн өткен соң АҚШ президентіне Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы мен осы ұйым басшылары мен қызметкерлері және оған қатысты барлық адамдарға санкция жариялау міндеті жүктеледі. ИИР-ның басшылары мен жауапты тұлғалары АҚШ Сенаты санкциялар жариялау туралы алғашқы заң жобасын қабылдаған күні, яғни х.ш.ж.с.б. хордад айының жиырма жетісінде бұған байланысты реакция білдірді.

ИИР президенті Хасан Рухани х.ш.ж.с.б. 1396 жылы мордад айының төрті, сәрсенбі күні Үкімет отырысында: "Мұндай санкциялар Иран халқына мүлдем әсер етпейді. Халықтың қарсыласу қозғалысы мен ИИР жүйесінің табандылығын әлсіретпейді. Біздің таңдаған жолымыз бен тәсіліміз және саясаттарымызды өзгертпейді",- деп мәлімдеді.

"Кац" заң жобасының жүзеге асырылу кезеңінің жақындауы бұқаралық ақпарат құралдарының аталмыш заң жобасының жүзеге асырылуына қатысты көзқарасы, Батыс елдерінің осы мәселені көтеруі мен оның толқынын пайдаланып, талқылауы Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Мұхаммад Әли Джафаридің бұған қатаң реакция білдіруіне себеп болды.

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "АҚШ үкіметінің Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестік топ деп есептеуіне негізделген әрекетіне байланысты таралған хабарлар рас болып шықса, Ислам революциясының Сақшылар корпусы да АҚШ-тың Әскерін бүкіл әлемде, әсіресе Таяу Шығыста ДАИШ секілді лаңкестік топтардың қатарына қосады",- деді.

Аймақтық және әлемдік өзгерістер АҚШ-тың Иранмен аймаққа қатысты келіссөз жүргізу үшін толығымен қате бағытты таңдағанын көрсетеді. Иранның барлық басшылары АҚШ-тың таңдауының толығымен біржақты әрекет екенін, одан кейін Иранды шешім қабылдауға итермелейтінін және Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасын бірінші болып бұзбайтынын ашық түрде айтқан болатын. Елдің жауапты тұлғалары, соның ішінде Сақшылар корпусының қолбасшысы айтып өткендей, АҚШ-тың жаңа санкциялары кез-келген өзара әрекеттестік мүмкіндігін мәңгілікке жояды. Себебі АҚШ-пен сұхбаттасу ешқандай нәтиже бермейді.