Амано: Саяси өзгерістер Агенттіктің бағалауына әсерін тигізбейді
(last modified Tue, 10 Oct 2017 08:25:13 GMT )
Қаз 10, 2017 14:25 Asia/Almaty
  • Амано: Саяси өзгерістер Агенттіктің бағалауына әсерін тигізбейді

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директоры Юкия Амано Агенттіктің осы уақытқа дейін Иранның өз міндеттемелеріне табанды болғанын растағанын мәлімдеді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директоры Юкиа Амано дүйсенбі күні Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әли Акбар Салеһимен Римдегі кездесуінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты соңғы саяси өзгерістер туралы пікір алмасуына тоқталып: "Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі осы уақытқа дейін Иранның өз міндеттемелеріне табанды болғанын растады. Елдердің ядролық жұмыстары мен АҚХА-нің алдындағы міндеттемелеріне қатысты обьективті баға Агенттіктің есептеріне негізделіп жасалды. Саяси өзгерістер Агенттіктің бағалауына әсерін тигізбейді» деп қуаттады.

 

 

Тегтер