Лаңкестер Ким Чен Ынға террор жасамақ болған
Қаз 11, 2017 08:16 Asia/Almaty
Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттіктері АҚШ-тың ОББ мен Оңтүстік Кореяның Барлау ұйымы лаңкестерінің Солтүстік Кореяның басшысына террор жасамақ болғанын хабарлады.
Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттіктерінің мәліметтері бойынша ағымдағы жылдың мамыр айында АҚШ-тың ОББ мен Оңтүстік Кореяның барлау қызметтерінің бұйрығымен бір лаңкестік топ Солтүстік Корея басшысының штабына лаңкестік әрекет жасау мақсатында биологиялық және химиялық заттармен енген. Олардың әрекеттері қауіпсіздік қызметтері тарапынан анықталып, орындаушылары құрықталған.
Тегтер