Ресей АҚШ-тың Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусына қатысты шешімін сынады
Ресей Сыртқы істер министрлігі Ақ үйдің Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестік ұйымдардың тізіміне қосу шешімі туралы мәлімдемелерді сынады.
"Интерфакстың" мәліметі бойынша, Ресей Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жариялап, Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестік ұйым деп санамайтынын қуаттады.
Ресей Сыртқы істер министрлігі Ақ үйдің Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестік ұйымдар тізіміне қосу шешімін АҚШ үкіметінің Иранның ядролық келісімінің күшін жою жобасына байланысты деп санайтынын мәлімдеді.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы дивизия генералы Мұхаммадәли Джафари АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен Сақшылар корпусына қарсы шара қолдану ықтималына реакция білдіріп: "Иранның саяси, қорғаныстық және қоғамдық салалар бойынша АҚШ-тың әрекеттеріне жауап қайтаратын күш-қуаты жеткілікті. Сонымен бірге Иран Сыртқы істер министрлігі мен қауіпсіздік және қорғаныс бөлімдерінің ұстанымдары да бірдей",- деп баса айтты.