ЮНЕСКО АҚШ-тың Израиль режимін қолдап, ұйымнан шығуына өкініш білдірді
БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) АҚШ-тың Израиль режимін қолдап, ұйымнан шығуына өкініш білдірді.
Франция ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ирина Бокова бейсенбі күні АҚШ-тың Израиль режимін қолдап, осы ұйымнан шығу шешіміне реакция білдіріп: "ЮНЕСКО-ның міндеті – халықаралық деңгейде бейбтшілік пен қауіпсіздік орнатып, кекшілдік пен зұлымдыққа қарсы тұру. Бұл істі адам құқықтары мен адамгершілік негіздерін қорғаумен бірге орындайды",- деп қуаттайды.
АҚШ Мемлекеттік департаменті бейсенбі күні бұл елдің ЮНЕСКО-дан шығатынын жариялады.
Сионистік режимнің премьер-министрі Нетаньяху АҚШ-тың ЮНЕСКО-дан шығуын батыл шешім деп бағалап, АҚШ сияқты ұйымнан шығатынын қуаттады.
Трамп үкіметінің бұл шешімі БҰҰ мен ЮНЕСКО Израиль режимі мен осы режимнің басып алынған жерлерде қалашық құрылысын жүргізуіне қарсы қарарға наразылық ретінде қабылданды.