Тереза Мейдің кеңсесі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қолдау білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i31677
Ұлыбритания Премьер-министрінің кеңсесі ел үкіметінің ядролық келісімді, яғни "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдайтыны мен бұл мәселеге анық ұстаным білдіретінін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 14, 2017 08:12 Asia/Almaty
  • Тереза Мейдің кеңсесі

Ұлыбритания Премьер-министрінің кеңсесі ел үкіметінің ядролық келісімді, яғни "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдайтыны мен бұл мәселеге анық ұстаным білдіретінін қуаттады.

"Рейтер" ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мейдің кеңсесі бейсенбі күні: "Лондон үкіметінің Иранның ядролық келісімін қолдауға қатысты ұстанымы толығымен айқын. Ұлыбритания АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуының нәтижелері туралы болжам жасауды мақсат етпейді",- деп мәлімдеді.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Борис Джонсон да сәрсенбі күні Иран мен "алтылық" тобының ядролық келісімін ("Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын) халықаралық жетістік деп бағалап, Лондонның оны қолдайтынын баса айтты.

Лондонда сапармен жүрген Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әли Акбар Салехи де: "Еуропа "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалғысы келеді",- деп мәлімдеді.