Путин: Лаңкестікпен күрес екі стандарттылықтан ада болуы керек
РФ Президенті: "Таяу Шығыс елдерінің ішкі істеріне араласушылық бейберекеттік туындап, лаңкестік қауіп-қатерлердің артуына әкеліп соқтырды",-деді.
Владимир Путин сенбі күні кешке Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Дүниежүзілік парламентаралық одақтың 137-ші отырысының ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде лаңкестікпен күрестің екі түрлі стандарттан ада болуы қажеттігін айтып, лаңкестікпен күресу үшін ортақ майдан құруды сұрады.
РФ Президенті Сирия дағдарысына тоқталып: "ДАИШ лаңкестік тобы осы елде басып алған жерлерінің үштен екі бөлігінен айырылды",-деді.
Ресей Президенті, сонымен қатар, Астана келіссөздері туралы: "Астана кеңестерін жалғастырудағы мақсат – Сирияда лаңкестікті жойып, бұл елге тыныштық пен тұрақтылықты қайтару",-деді.
Осы уақытта дейін Қазақстанның елордасы Астанада жоғары деңгейдегі келіссөздердің алты кезеңі Сирия үкіметі мен атысты тоқтату бітімін қабылдайтын қарулы наразылардың делегациялары және Сириядағы бейбітшілікті кепілдендіруші елдер ретіндегі Иран, Ресей мен Түркия өкілдерінің қатысуымен өтті.