Нью-Йоркте психологтардың шеруі өтті
https://itolqyn.com/news/world-i31739-Нью_Йоркте_психологтардың_шеруі_өтті
АҚШ психологтарының бір тобы Нью-Йоркте шеруге шығып, елдің Президентін отставкаға жіберуді талап етті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 15, 2017 22:46 Asia/Almaty
  • Нью-Йоркте психологтардың шеруі өтті

АҚШ психологтарының бір тобы Нью-Йоркте шеруге шығып, елдің Президентін отставкаға жіберуді талап етті.

Бұл шеру 100-ден астам психолог пен психикалық денсаулық мамандары кіретін Duty to Warn PAC деп аталатын топтың шақыруымен өтті. Шеруге қатысушылар: "Дональд Трамп "қатерлі нарциссизмге" шалдыққан, сондықтан президенттік міндетінен кетуі керек",- деп қуаттады. Бұл топтың пікірінше, Трамптың психикалық жағдайы тіпті оның ядролық соғысты бастауына себеп болуы мүмкін.