Иран мен Ұлыбритания СІМ екінші рет "Ортақ қадамға" байланысты телефон арқылы сұхбаттасты
Иран мен Ұлыбритания Сыртқы істер министрлері соңғы күндері екінші рет "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты телефон арқылы сұхбаттасты.
Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Борис Джонсон жексенбі күні Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сұхбатта өз елінің "Ортақ қадам" бағдарламасын қолдайтынын баса айтып, барлық тараптардың бұл келісімге берік болуын сұрады.
Ұлыбритания Сыртқы істер министрі қазанның оны күні Зарифпен телефон арқылы сұхбатында да өз елінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына беріктігін мәлімдеген болатын.
Иранның Мұнай министрі де АҚШ президентінің дұшпандық мәлімдемелеріне реакция білдіріп, оның мұнай нарығына тигізетін әсері жайлы айтқан сөзінде: "АҚШ президенті Дональд Трамптың сөздерінің мұнай нарығына әсері болмайды",- деді.