Америкалық басшылар Иранға қарсы өз айыптарын таңуды жалғастыруда
(last modified Mon, 16 Oct 2017 09:51:18 GMT )
Қаз 16, 2017 15:51 Asia/Almaty
  • Америкалық басшылар Иранға қарсы өз айыптарын таңуды жалғастыруда

АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі жексенбі күні бұл ел басшыларының Иранға қарсы өз айыптарын таңу әрекеттерінің жалғасында Иранды лаңкестіктің демеушісі деп атады.

Америкалық басшылардың, әсіресе Никки Хейлидің ИИР-ға қарсы қайталамалы уәждері АҚШ президенті Дональд Трамп мойындағандай, Вашингтон мен оның одақтастары лаңкестік топтардың құрылуы мен әлемнің түкпір-түкпірінде, әсіресе Таяу Шығыс аймағында лаңкестіктің етек жаюында негізгі рөл атқарған жағдайда айтылып отыр.

Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Герберт Реймонд Макмастер да жексенбі күні Трампқа қосылып, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің есептеріне сәйкес "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты өзінің барлық міндеттемелеріне берік болып, осы ұйыммен толық әріптестік жасап жатқан Иранды сенімсіз ел деп атап, Иран Ислам Республикасы "Ортақ қадамды" бұзды деген уәж айтты.

Сондай-ақ АҚШ Қаржы министрі Стивен Мнучин өз президентінің Иранға қарсы стратегиясын қолдап: "Иран БҰҰ-ның санкцияларын бұзды",- деген уәж айтты.

Стивен Мнучин АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранның Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы көбірек санкциялар жариялау туралы жуырдағы шешіміне тоқталып, Қаржы министрлігінің бұл ұйымға қарсы жаңа санкцияларды күшіне енгізуді жоспарлап жатқанын хабарлады.