АҚШ Ауғанстандағы әскери жағдайын нығайтуда
Ауғанстан халқы АҚШ-тың өзінің әскери күштерін елден шығарып, Ауғанстандағы дағдарысты доғарады деп күтіп отырған жағдайда АҚШ-тың қарулы күштері ағымдағы жылдың жаз мезгіліне дейін «күштерді алмастыру» бағдарламасы аясында Ауғанстанға 500 жаңа әскери қызметкерін аттандыратынын мәлімдеді.
АҚШ қарулы күштері басшыларының айтуынша, бұл күштер Ауғанстанның қауіпсіздік күштерін қолдау мақсатында Баграм әуе базасына орналастырылып, оларға әскери амалдар жасауға рұқсат беріледі.
Америкалық жаңа әскери күштер АҚШ-тың Техас штатындағы Форт-Худ әскери базасынан Ауғанстанға аттандырылады.
Бұл америкалық күштерді Ауғанстаннан шығару бағдарламасына сәйкес осы елде ағымдағы жылдың соңына дейін 9800 күш болып, 2017 жылы бұл мөлшер 5500 адамға дейін азайтылады деп келісілген жағдайда орын алып отыр.
АҚШ Президенті Барак Обаманың осы елдің күштерін Ауғанстаннан шығаруға қатысты бұрынғы бағдарламасына сәйкес, осы елдің әскери қызметкерлері Ауғанстаннан 2016 жылы шығарылуы керек болатын. Алайда ИСИМ лаңкестік тобының бой көтеруі Вашингтон үшін Ауғанстандағы өзінің әскери күштерінің санын арттыру үшін жақсы сылтау болды.
Саяси бақылаушылардың пікірінше, Ауғанстандағы америкалық қарулы күштердің санын арттыру осы елде қауіпсіздік орнату және оны нығайтуға көмектеспеумен қатар, күн сайын Ауғанстандағы дағдарыс пен тұрақсыздықты өрістетіп отыр. АҚШ НАТО-мен бірге өткен 14 жылда лаңкестікпен күрес сылтауымен Ауғанстанда жүз мыңнан астам әскери күш орналастырды. Бұл әрекет лаңкестік топтардың жойылуына еш септігін тигізбеді. Керісінше, Ауғанстан әлі күнге дейін лаңкестік топтардың іс-әрекеттерінің куәсі болып отыр.
Сондықтан АҚШ-тың Ауғанстанға шамамен 10 000 әскери қызметкерді орналастырудың осы елдің қарулы күштеріне лаңкестікпен күресте көмектесетіні туралы уәжі бос сөз.
Осындай жағдайда АҚШ-тың әскери күштерінің құзырының жалғасуы Талибан тобы үшін Ауғанстан үкіметімен бейбітшілік келіссөздеріне қатысу өтініштерін қабылдамауына жақсы сылтау болып отыр. Себебі бұл топтың осы келіссөздерге қатысу үшін қойып отырған шарттарының бірінде америкалық күштерді Ауғанстаннан шығару талап етілген. Сондықтан, Ауғанстандағы америкалық күштердің санын арттыру осы елдегі бейбітшілік келіссөздерін жандандыруға көмектесетін кез келген мүмкіндікті жою дегенді білдіреді.
Саяси және әскери орталар әрдайым АҚШ-тың Ауғанстанда дағдарыс тудыру арқылы бұл елді аймақтағы өзінің базасына айналдыруды көздеп отырғанын қуаттап келеді. Вашингтон Ауғанстанмен қауіпсіздік келісімнің шеңберінде осы елде бірнеше әскреи базаны пайдаланып отыр. Қазір Ауғанстанның қарулы күштеріне лаңкестікпен күресте көмектесу сылтауымен осы елдегі өзінің әскери күштерін толықтырып жатыр.
Қалай болғанда да АҚШ 15 жылға созылған өзінің Ауғанстандағы құзыры кезінде лаңкестікпен күресуге ынталы емес екенін іс-жүзінде көрсетіп, есірткі заттардың контрабандасын жалғастыру арқылы олардың Ауғанстанда өсіп-өнуіне көмектесті. Бұл жағдай аймақтық елдердің, соның ішінде, Ресей мен Тәжікстанның АҚШ-тың лаңкестерді Ауғанстан арқылы Орталық Азия мен Кавказға жіберу мәселесіне қатысты алаңдаушылық білдіріп, оның салдарлары туралы ескерту жасауына себеп болды.