Қырғызстан Президенті Еуразия отырысын өткізуді сұрады
Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, егер Қырғызстан мен Қазақстан шекараларында жағдай бұрынғы қалпына оралмаса, Еуразия экономикалық одағынан төтенше отырыс өткізуді сұрайтынын мәлімдеді.
Атамбаевтың айтуынша, Қазақстан басшылары бұл әрекетті Қырғызстанның президенттік сайлауымен байланыстырған. Бірақ, егер алдағы күндері шекара жағдайы бұрынғы қалпына оралмаса, Атамбаев Еуразия экономикалық одағынан төтенше отырыс өткізуді сұрайды.
Қазан айының 15 күні өткен президенттік сайлаудың Алмазбек Атамбаев қолдаған үміткердің жеңісімен аяқталуымен Қырғызстан Президенті екі есе артық күшпен аймақтың бәсекелестік сахнасына аяқ басқандай көрінеді. Алмазбек Атамбаевтың Сочи отырысына қатыспауы оған қарсы кейбір күдік-күмәндерге себеп болды. Соның бірі Атамбаевтың Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бетпе-бет келуге алаңдауы деп жарияланды. Мәселен, саяси мәселелер жөніндегі ресейлік эксперт Аркадий Дубнов Атамбаевтың Сочиге сапар шекпеуін тілге тиек етіп: "Мектеп кезінде үй жұмысын орындамасақ, келесі күні мұғалім ұрсады деп мектепке баруға қорқатынбыз. Мұғалім ата-анамызды шақыртатын. Атамбаев оқушылар сынды Нұрсұлтан Назарбаевтың қасына баруға қорқады. Атамбаев Назарбаевқа ғана емес, Қазақстан халқына тіл тигізді. Ол тіпті Еуразия экономикалық одағы және Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымына мүше елдер басшыларымен бір үстел басына қалай отыратыны туралы ойламады",- деді.
Қырғызстан мен Қазақстан Президенттері арасындағы қайшылықтар Қырғызстан президенттік сайлауы үміткерлерінің бірі Қазақстан Президентімен кездескен соң басталды. Бұл кездесуден кейін Атамбаев Қазақстанды Қырғызстаанның ішкі істеріне араласады деп айыптап: "Біз бөгде елдердің басшыларының еліміздің билігінің басына өз нөкерін отырғызуға талпыныс жасап отырғанын көріп отырмыз. Олар қырғыз халқының сатылмайтынын біліп, қысым көрсету құралын пайдалануда",- деген болатын.
Қырғызстан Президентінің айыптауларына реакция білдіріп, Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Қырғызстаның президенттік сайлауын бақылауға өкілдерін жібермей бұл шешімді Алмазбек Атамбаевтың президенттік сайлау кезінде Астананы Қырғызстаның ішкі істеріне араласты деп айыптауына байланысты деп жариялады. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі наразылық білдіріп, Қырғызстан Президентінің сөздерін теріске шығарып, оны екі елдің достық қарым-қатынастарына зиян келтіреді деп атады. Қазақстан үкіметі Атамбаевтың Қазақстанға қарсы ұстанымымын қастық және президенттік сайлау алдындағы үгіт-насихат деп сараптады. Наразылықтарымен бірге Астана үкіметі Қырғызстан азаматтары үшін шекараде тексерісті күшейтті. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл туралы: "Қазақстанның барлау қызметі лаңкестік топтарды анықтауды мақсат етуде. Сондай-ақ, шекара тәртібі мен мигранттық заңның іске асырылуын тексеруде",- деді. Негізінде кейбір қырғыз азаматтарының ДАИШ сынды лаңкестік топқа кіруі Қырғызстанды Орталық Азия елдерінің алдында жаманатқа қалдырды. Сол себепті Бішкек басшылары Қазақстан үкіметінің жауабын теріске шығара алмайды.