Трамп Германия мен Францияның Иранмен байланыстарына қатысты бейтарап ұстаным білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i31896
АҚШ Президенті Германия мен Францияның Иранмен сауда қарым-қатынасын жалғастыруға қарсы еместігін айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 23, 2017 14:43 Asia/Almaty
  • Трамп Германия мен Францияның Иранмен байланыстарына қатысты бейтарап ұстаным білдірді

АҚШ Президенті Германия мен Францияның Иранмен сауда қарым-қатынасын жалғастыруға қарсы еместігін айтты.

АҚШ Президенті Дональд Трамп жексенбі күні Fox News телеарнасына берген сұхбатында: «Германия мен Францияның Иранмен сауда қарым-қатынасына кедергі жасағым келмейді. Олар Теһранмен сауда белсенділіктерін жалғастыра алады»,-деді. 

Трамптың бұл сөздері оның 13 қазанда Иран мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты жаңа стратегиясын жариялап, әлемдік қауымдастық пен өзінің еуропалық одақтастарын Иранмен күресуге шақырған жағдайда айтылып отыр.

Бұған қарамастан,  Еуропа елдері Трамптың бұл ұстанымдарына бірден реакция білдіріп, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қорғаумен қатар, Иранмен халықаралық келісімнің сақталуы қажеттігін қуаттады.