ДАИШ Таяу Шығыс аймағында Американың соғысқұмарлығы салдарынан пайда болды
Францияның бұрынғы Сыртқы Істер Министрі ДАИШ-тің пайда болуын Таяу Шығыс аймағындағы Американың саяси араласушылығының салдарларының бірі деп атады.
Францияның бұрынғы Сыртқы Істер Министрі Жан-Пьер Шевенман Американың 2003 жылы Иракқа жасаған шабуылының Ирак үшін үлкен апат әрі оның құрдымға кетуіне себеп болып, аймақта фундаментализм мен экстремизм және терроризмнің қалыптасып, ДАИШ-тің пайда болуына жол ашқанын айтып: «Францияның бұрынғы президенттері Николя Саркози мен Франсуа Олланд сол соғыстардан сабақ алған жоқ. Себебі, Саркози Ливия соғысына кірді. Олланд та Сирия дағдарысымен байланыста қателіктер жасады» деді.
Шевенман Эммануэль Макрон Франция президенттігіне сайланған соң бұл елдің өзгеше қатынасты мақсат еткенін қуаттады. Франциялық тәжірибелі дипломат Эммануэль Макрон Франциядағы билік тізгінін қолына алған соң, аймақта бейбітшілік орнатылуы үшін елінің Сирияға қатысты саясаттарының өзгергенін баса айтты.
ДАИШ лаңкестік тобы 20014 жылы Америка мен осы елдің батыс және араб елдері одақтастарының, соның ішінде Арабстанның қаржылай және әскери қолдауымен Иракқа шабуыл жасап, елдің солтүстігі мен батысындағы үлкен бөіктерін басып алып, сансыз қылмыс жасады.
Содан бері Ирак әскері елінің ерікті күштерінің демеушілігі және ИИР-ның консультативтік көмектерімен басып алынған аймақтардың көбін, соның ішінде Мосул қаласын ДАИШ лаңкестерінен азат етіп, іс жүзінде ДАИШ-тың Ирактағы шаруасын тәмамдады.