Зариф: Иран мен Оңтүстік Африканың қарым-қатынастарын кеңейту жолында еш кедергі жоқ
(last modified Tue, 24 Oct 2017 04:10:00 GMT )
Қаз 24, 2017 10:10 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран мен Оңтүстік Африканың қарым-қатынастарын кеңейту жолында еш кедергі жоқ

Иранның Сыртқы істер министрі Теһран мен Пуэрто-Рико қарым-қатынастарын арттырып, дамыту үшін еш кедергінің жоқтығын мәлімдеп, Иран мен Оңтүстік Африканың әріптестіктерін кеңейту қажеттігін қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф Пуэрто-Рикода Иран мен Оңтүстік Африка бизнесмендерінің ортасында сөйлеген сөзінде: "Оңтүстік Африка Иран үшін экономикалық қарым-қатынас саласында ерекше маңызды. Теһран Пуэрто-Рикомен қарым-қатынастарын кеңейтуді көздейді",-деді.

Зариф Иранның инвестициялық  тұрғыдан жақсы қауіпсіздікке ие екендігіне тоқталып, Теһранның Пуэрто-Рикомен әсіресе, мұнай, тасымал, ауыл шаруашылығы, технология және банк салаларында ынтымақтастық жасауға әзірлігін мәлімдеді.

Сондай-ақ, Иранның дипломатиялық аппаратының басшысы алдағы бірнеше айда ИИР Президенті Хасан Руханидің Оңтүстік Африкаға сапарының жоспарланғанын хабарлады.

Оңтүстік Африканың шағын бизнесті дамыту министрі Линдиве Зулу да Иран мен оңтүстік Африка бизнесмендері ассамблеясының отырысында екі елдің әртүрлі салалардағы әріптестіктерін нығайтуға мүдделік танытты.