Зариф: Шетелдегі ирандықтар Иран үшін маңызды капитал
ИИР Сыртқы істер министрі шетелдегі ирандықтарды Иран үшін маңызды капитал деп атады.
Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Угандада тұратын ирандықтардың ортасында шетелдегі ирандықтардың мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы қарым-қатынастардың көпірі болып, Иран мәдениетін жақсы таныстырушы екендіктерін қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрі сейсенбі күні Оңтүстік Африканың астанасы Преториядан Уганданың астанасы Кампалаға келді.
Зариф Кампалада Иран мен Уганданың сауда орталығының ашылуына қатысып, ел Президенті Йовери Мусевени және Сыртқы істер министрімен кездесіп, пікір алмасады.
Бұдан бұрын Иран Сыртқы істер министрі жексенбі күні Оңтүстік Африкаға барды.
Зариф Преторияда экономикалық ынтымақтастықтардың ортақ комиссиясының 13-ші отырысына қатысуымен бірге Оңтүстік Африканың Сыртқы істер министрі, Қаржы министрі және Президенті Джейкоб Зумамен кездесті.