Конгрестің ғимаратында Трампқа Ресейдің жалаулары лақтырылды
(last modified Wed, 25 Oct 2017 14:16:15 GMT )
Қаз 25, 2017 20:16 Asia/Almaty
  • Конгрестің ғимаратында Трампқа Ресейдің жалаулары лақтырылды

Конгрестің ғимаратында Америка президентіне Ресейдің жалаулары лақырылды.

Америка президенті Дональд Трамп бүгін сәрсенбі күні республикашыл сенаторлардың бір тобымен салықты төмендету бойынша консенсуқа келу мақсатында жиналыс өткізді. Конгресс ғимаратының дәліздерінің бірінен өтіп бара жатқан кезде сол жердегі адамдардың бірінің наразылығына тап болды.

Америкалық ақпарат құралдары Americans Take Action қозғалысының мүшесі Райан Клэйтон деп атаған адам Америка президентіне Ресейдің бірнеше жалауын лақтырып, оған «сатқын» деп айғайлаған.  

Қауіпсіздік күштері тарапынан дереу құрықталған Клэйтон Дональд Трампқа «Сатқындық туралы айтудың орнына салықтарды қалай азайтпақсыз?» деген.

Дональд Трамп Конгрестің бақылауына ие өз партияластарынан осы жылдың соңына дейін компаниялардың табыстарына салықты төмендету туралы заң бекітуді сұрады.

Бұл ұсыныс Трамп көптеген жайттар бойынша, соның ішінде осы тақырыпта Сенаттың халықаралық қатынастар комитетінің басшысы Боб Коркердің басшылығындағы кейбір сенаторлармен үлкен алауыздыққа ие жағдайда айтылып отыр. 

Боб Коркер Трампқа қарсы жаңа ұстанымында Америка президентін Американың әлемдегі беделін түсіріп отырған нағыз өтірікші деп атады.