Қырғызстанның Жогорку Кенеш спикері отставкаға кетті
Қаз 26, 2017 08:00 Asia/Almaty
Қырғызстанның Жогорку Кенеш спикері Чыныбай Турсунбеков қызметінен кетті.
Чыныбай Турсунбеков Жогорку Кенештің спикері болып 1,5 жыл қызмет еткен соң, сайлаудан кейінгі қоғамдағы тұрақтылықты сақтап, шиеленістерді азайту үшін отставкаға кетті. Қырғызстан Жогорку Кенеш спикері бұдан бұрын оставкаға кетуге шешім қабылдағанын хабарлаған болатын. Айта кететін жайт, елдегі билеуші партия – Социал-демократтар партиясы Қырғызстандағы қазанның он бесі күні өткен сайлауға Турсунбековтың осы партияның атынан президенттікке ұсынылған кандидатурасын қабылдамаған болатын.
Тегтер