Зариф Нигер Сыртқы істер министрімен кездесті
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Нигер Сыртқы істер министрі Ибраһим Якубу бейсенбі күні кешке осы елдің астанасы Ниамей қаласында кездесіп, екі елдің қарым-қатынастарын барлық салаларда, әсіресе саяси-экономикалық салада кеңейту қажеттігін қуаттады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, екіжақты қатынастарды, әсіресе саяси, экономикалық, сауда-саттық саласындағы қатынастарды кеңейту, аймақ және халықаралық мәселелер мен лаңкестікпен күрес Зариф пен Якубу кездесуінің негізгі тақырыптарының қатарын құрады.
Бұл кездесудің алдында екі елдің Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен Иран мен Нигердің бизнес форумы өз жұмысын бастады.
Мұхаммад Джавад Зариф формуның ашылу рәсімінде ИИР-ның Нигермен байланыстарын арттыру үшін ешбір кедергіге қарамайтынын баса айтып: "Екі елдің саяси еркі барлық салаларда, әсіресе сауда саласындағы қатынастарды кеңейтуге септігін тигізеді",- деді.
Ибраһим Якубу Иран мен Нигердің бизнес форумының ашылу рәсімінде екі елдің дипломатиялық байланыс құрғанына 40 жылдан астам уақыт болғанын баяндап: "Нигерге Иранның жоғары деңгейлі экономикалық делегациясының келуі екі ел қатынастарының кеңейгенін дәлелдейді",- деді.