Мусавиан: АҚШ-тың Иранға қатысты саясаты Тель-Авивте анықталады
(last modified Sun, 29 Oct 2017 16:00:30 GMT )
Қаз 29, 2017 22:00 Asia/Almaty
  • Мусавиан: АҚШ-тың Иранға қатысты саясаты Тель-Авивте анықталады

Иранның бұрынғы дипломаты әрі АҚШ-тың Принстон универститетінің зерттеушісі: "АҚШ-тың Иран мен Таяу Шығыс туралы саясаттары Тель-Авивте араб шейхтерінің мұнай долларлары арқылы анықталады",- деді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Хосейн Мусавиан Вашингтонда өтетін "Рleasure" ұйымының әлемдегі ядролық саясат туралы жылдық отырысында: "Ирандықтар АҚШ-ты сенімсіз мемлекет санайды. Өйткені, бұл мемлекет халықаралық заңдарды құрметтемейді. АҚШ Иранның исламдық республика жүйесін өзгертуді мақсат етіп тұрған жағдайда екінші жақты құрметтеу немесе оның мүддесімен санасу және араласпау негіздеріне табанды болмайды. АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы саясаттары сионистік режим мен Сауд Арабиясы режимі басшыларының ұстанымдарынан тамырланады. Сондықтан, АҚШ-тың саясаттарын Рияд пен Тель-Авив жазып отырған жағдайда АҚШ-пен келіссөз жүргізу мүмкін емес",- деді.