Солтүстік Кореяның ядролық нысанындағы туннельдің құлауы салдарынан 200 адам қайтыс болды
Солтүстік Кореядағы "Punggye ri" ядролық нысанына қарасты бір туннельдің құлауы салдарынан шамамен 200 адам қаза тапты.
Tasnim ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Солтүстік Кореяның хабар көздері Жапонияның Asahi телеарнасына бұл туннельдің қазан айында Punggye ri ядролық нысанында жер асты туннелін салу барысында құлағанын хабарлаған.
Солтүстік Кореяның "Punggye ri" ядролық нысанасындағы 2017 жылдың қыркүйек айындағы ядролық алтыншы сынағы салдарынан 100 килотонналық сутек бомбасының жарылысы орын алды.
Осы мәліметтерге сәйкес, туннельдің құлауы салдарынан 100 адам жер астында көміліп, оқиға орнындағы адамдарды құтқаруға жіберген тағы 100 адам туннельдің қайта құлауынан жан тапсырған.