Манхэттен оқиғасын іске асырушы анықталды
(last modified Wed, 01 Nov 2017 09:45:07 GMT )
Қар 01, 2017 15:45 Asia/Almaty
  • Манхэттен оқиғасын іске асырушы анықталды

ҒВІ Манхэттен оқиғасын іске асырушыны Қырғызстан азаматы деп жариялады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ҒВІ полициясы: "Манхэттенде 15 адамды көлікпен қаққан адамның 2010-шы жылы АҚШ-қа келген 29 жастағы қырғыз азаматы екені анықталды. Оның көлігінен табылған қарулар шын қару болмаған. Оқиға орын алған жерде естілген атыс шабуыл жасаушыны қамауға алған кезде полиция қызметкерлерінің пайдаланған қаруларының дыбысы болған",- деп мәлімдеді.

Бұдан бұрын ҒВІ шабуылшы оқиға кезінде "Аллаһу Акбар" деп айқайлады" деп хабарлады. Соған қарағанда шабуылшы ДАИШ лаңкестік тобына қарасты болған.

Нью-Йорк полициясы бұдан бұрын күдіктінің есімін Саипов Сейфолла Хабибуллаевич, жасын 29-да деп жариялады.

Нью-Йорк полициясының мәліметіне сәйкес, Манхэттен оқиғасында 8 адам өліп, 10 адам жараланған. Кейбір хабарлар шабуылшының өзінің жарақат алғанын көрсетеді.