Ұлыбританияда Бальфур декларациясының жүз жылдығына арналған шара өтті
(last modified Fri, 03 Nov 2017 13:40:13 GMT )
Қар 03, 2017 19:40 Asia/Almaty
  • Ұлыбританияда Бальфур декларациясының жүз жылдығына арналған шара өтті

Бальфур декларациясының жүз жылдығына арналған шара кеше бейсенбі күні кешке Ұлыбритания мен сионистік режимнің басшыларының қатысуымен Лондонда өтті. Тереза Мей елінің Израиль режимінің құрылуына көмектескенін мақтанышпен айтты.

Бениямин Нетаньяху мен Тереза Мей бейсенбі күні  Ұлыбритания Премьер-министрінің кеңсесінде кездесіп, екіжақты және аймақтық қарым-қатынастарын кеңейту туралы пікір алмасты.
Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мей бейсенбі күні кешке Лондонда сионистік режимнің басшыларын кешкі асқа шақырды. Тереза Мей сол рәсімде Бальфур декларациясын тағы қолдады. Ол Бальфур декларациясы мен Палестина жерлеріндегі сионистік режимнің басқыншылығын қорғап: "Декларацияда палестиналықтардың құқықтарына көңіл бөлінген. Сондықтан Ұлыбритания аталмыш декларация  үшін кешірім сұрамайды",- деді.
Бальфур декларациясының жүз жылдығында мыңдаған палестиналық бұл декларацияға қарсылық білдіріп, Рамалла мен Бейт ул-Мұқаддастың шығысы мен Газа қаласында шеруге шықты.
ХАМАС-тың саяси бюросының басшысы Исмаил Һание кеше Газа секторында Бальфур декларациясын айыптап: "ХАМАС еш уақытта Израильді ресми қабылдамайды және Палестинаның бір  тілім жеріне немқұрайдылық танытпайды",- деп қуаттады.