Еуроодақ Иранға сaнкция салуды көздемейді
(last modified Sun, 12 Nov 2017 15:16:43 GMT )
Қар 12, 2017 21:16 Asia/Almaty
  • Еуроодақ Иранға сaнкция салуды көздемейді

Еуроодақтың Ауылшаруашылығы және ауылды дамыту істері жөніндегі комиссары Фил Хоган ешбір еуропалық мемлекеттің Иранға санкция салуды көздемейтінін қуаттады.

Фил Хоган ИРНА ақпарат агенттігіне берген сұхбатында «АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзған жағдайда Еуроодаққа қысым жасалса, Иранға қарсы санкция сала ма?» деген сұраққа: "Еуроодақ осы кезге дейін жасаған ынтымақтастықтарын жалғастырады. Бұл Одақ пен Иранның ынтымақтастық жасауы мен міндеттемелерін орындауына қатысты еш күмән жоқ. Еуроодақ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдайды. Бұл салада АҚШ-пен кеңесті. Биыл  Иран мен Еуроодақ арасында құны 10 миллиард долларлық келісімге қол қойылды. Бүгінде екіжақтың келешегі мен екіжақты ынтымақтастықтардың артуына оң көзқарас қалыптасқан",- деді.