АҚШ әскерилерінің Сирияға енуі заңсыз
Ресей Сыртқы істер министрі АҚШ әскерилерінің Сирияға енуін заңсыз деп атады.
АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис әскерилерінің Сирияға енуі БҰҰ-ның рұқсатымен орын алуда дегеннен кейін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров: "АҚШ әскерилерінің Сирияда орналасуы заңды деген уәждер негізсіз",- деді.
Кемінде 500 америкалық әскери заңсыз түрде әрі Сирия үкіметінің рұқсатынсыз ДАИШ лаңкестік тобымен күресуді сылтауратып, Сирияға енген болатын. Дамаск АҚШ әскерилерінің Сирияға енуін елінің егемендігіне нұқсан келтіру деп атап, олардың Сириядан шығауын талап етті.
Сирия дағдарысы 2011 жылдан бері Сауд Арабиясы, АҚШ пен олардың одақтастарының аймақ теңгерімін сионистік режимнің мүддесіне өзгерту мақсатындағы ауқымды шабуылдарымен басталды. Бірақ сириялық күштер қарсыласу шебі күштерінің көмегімен Сирияның жағдайын өздерінің мүддесіне өзгертті.