АҚШ Сириядағы ДАИШ-тың толық жеңілісінің алдын алуға әрекет жасауда
(last modified Fri, 17 Nov 2017 14:21:18 GMT )
Қар 17, 2017 20:21 Asia/Almaty
  • АҚШ Сириядағы ДАИШ-тың толық жеңілісінің алдын алуға әрекет жасауда

Сириядағы лаңкестік топтар Ирактағы лаңкестердің жағдайын бастан кешіп, екі елдегі сәтсіздіктерінен кейін соңғы жобаларын жоспарлап, лаңкестердің қолдаушысы АҚШ-тың алаңдаушылығына себеп болды.

Осындай жағдайда америкалықтар лаңкестерге қолдауларын бұрынғысыдан бетер әшкерелеп, олардың Ирак пен Сирияда толық жойылуының алдын алуға әрекет жасауда. ДАИШ-тың Сириядағы сәтсіздіктері жалғасып, соңғы күндері Букамал қаласында көптеген зардап шегіп, бұл жерден қашуға мәжбүр болды. Бұл мәселе ДАИШ-тың қолдаушылары америкалықтарды алаңдатты. Сондықтан, АҚШ әртүрлі жолдар және логистикалық қолдаулары арқылы лаңкестердің Сириядағы толық жеңілісінің алдын алуға әрекет жасауда. Сонымен бірге АҚШ ДАИШ-ке қолдау көрсетіп, Сирия армиясы мен халықтық күштеріне Букамалда орналасуға кедергі болмақ.  Бұл салада америкалық коалиция күштері лаңкестерді қолдап, оларды қару-жарақпен қамтамасыз етті. АҚШ басшылары лаңкестерді құтқару үшін оларға Сирияның басқа аймақтарына қатерсіз артқа шегінуге жағдай жасау үшін әрекет жасап жатыр. Сирияның Букамал шекаралық қаласында 120 000 адам өмір сүреді. Шамамен үш жыл ДАИШ лаңкестерінің қолында болған бұл қала стратегиялық маңызды қалалардың бірі саналады. Аталмыш қаланың мұнай қорына ие болуы мен Евфрат өзенінің бұл аймақ арқылы Иракқа қосылуы оған ерекше жағдай сыйлады. Сирия армиясының бас қолбасшысы қарашаның 9 күнгі мәлімдемесінде Сирияның Дейр әз-Зор облысының  оңтүстігіндегі Букамалды азат еткендері туралы   жариялап: "Бұл қаланың азат етілуі – ДАИШ лаңкестік тобының аймақтағы сәтсіздікке ұшырауының белгісі",- деді.

Букамал стратегиялық Дейр әз-Зор қаласы азат етілгеннен бір аптадан кейін лаңкестерден босатылды. Букамал қаласын азат  ету Сириядағы ДАИШ тәкфиршіл лаңкестер халифатының аяқталуын білдіреді. Сирия армиясы мен халықтық күштерінің Букамал аймағындағы жеңісі бұл елдегі лаңкестерді нысанана алу саналады. Өйткені, соңғы кезде бұл аймақ Сирия мен Ирактан қашқан лаңкестердің жиналатын жеріне айналған болатын. Лаңкестікке қарсы коалиция түріндегі Сирия мен Ирактағы АҚШ-тың әрекеттері Вашингтонның лаңкестікпен күресуінің бос сөз екенін әшкере етті. АҚШ-тың Сирия мен Ирактағы лаңкестерді  қолдау әрекеттері АҚШ-тың ДАИШ-тың негізгі қолдаушысы екенін дәлелдеді. АҚШ әрекеттері Вашингтонның лаңкестік топтарды басқарып, әлемнің түкпір-түкпірінде өз мүдделеріне жетуді көздегенін көрсетеді . Бұл мәселе АҚШ-тың сыртқы саясатында ерекше орынға ие. Бірақ, Ирак пен Сирия халқының үлгі боларлық қарсыласуы лаңкестердің сәтсіздігі мен жағдайдың өзгеруіне, сондай-ақ, халықаралық сахнадағы Вашингтонның беделінің түсуіне жеткізді.