Путин мен Асад Сирияда саяси үдерісті бастау қажеттігін қуаттады
(last modified Wed, 22 Nov 2017 03:08:07 GMT )
Қар 22, 2017 09:08 Asia/Almaty
  • Путин мен Асад Сирияда саяси үдерісті бастау қажеттігін қуаттады

Ресей мен Сирия президенттері Сирияда саяси үдерісті бастау қажеттігін қуаттады.

Йеменнің Al Ahd хабар агенттігінің мәліметі бойынша Кремль сарайы мәлімдеме жариялап, Ресей президенті Владимир Путин мен Сирия президенті Башар Асадтың Сочи қаласында кездескенін хабарлады.

Сейсенбі күні өткен кездесуде Путин Асадты Сирия армиясының лаңкестікпен табыстағы жетістіктерімен құттықтап, Ресейдің Сирия дағдарысын шешу үшін Иракпен, Америкамен, Мысыр және Сауд Арабиясымен, сондай-ақ, Иорданиямен дайым байланыс жасап отырғанын және лаңкестікпен күрес аяқталған соң дағдарыстың шешім жолының саяси болатынын баса айтты.

Сонымен қатар Путин Астана келіссөздерінің сириялық қарсыластармен кең түрде сұхбаттасу үшін мүмкіндік әзірлейтіндігіне де тоқталды.

Башар Асад Путинмен кездесуде Ресейдің Дамаскке жасаған әскери және саяси көмектеріне алғыс білдіріп, басқа елдердің сириялық топтар арасындағы келіссөздерге араласпауына кепілдік беру үшін Ресейдің Сирияға қолдау көрсетуін сұрады.