Путин: Иран мен Түркияның ықпалынсыз Сириядағы соғыс аяқталмас еді
Ресей президенті Ресейдің Сочи қаласында өткен Ресей, Иран мен Түркия президенттерінің Сирия мәселесіне қатысты отырыстың басында: "Иран мен Түркияның ықпалынсыз Сириядағы соғыс аяқталмас еді",- деп мәлімдеді.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Владимир Путин: "Иран мен Түркия болмағанда, "Астана бейбітшілік келіссөздері" атты үдеріс болмас еді және Сириядағы халықаралық лаңкестікпен соғыста жеңістерге жетпес едік.
Енді Сириядағы ұзаққа созылған соғыс салдарынан қатты зардап шеккен елді қайта құру жөнінде бейбітшілікті қолдайтын үш елдің ынтымақтастық жасау арқылы жоспар құратын уақыт жетті.
Иран, Ресей мен Түркия осы үдеріс нәтиже беруі үшін қолдан келетін талпыныстарды жасауы тиіс",- деп баса айтты.