Армения Президенті Иранмен ынтымақтастықтарды кеңейту қажеттігін қуаттады
(last modified Wed, 29 Nov 2017 08:57:04 GMT )
Қар 29, 2017 14:57 Asia/Almaty
  • Армения Президенті Иранмен  ынтымақтастықтарды кеңейту қажеттігін қуаттады

Армения Президенті Иранмен әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтарды арттыруға мүдделік танытты.

Армения Президенті Серж Саргсян сейсенбі күні Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен кездесуінде: "Екі елдің ежелден келе жатқан қарым-қатынастары негізінде Теһран-Ереван қарым-қатынастарының келешегін анықтаған жөн. Иранмен арадағы экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейту үшін ешқандай кедергі жоқ. Ереван әрқашан ИИР-ның күш-қуатты болуын қолдайды",- деді.

Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф Иран Президентінің жолдауын Армения Президентіне жеткізіп, Серж Саргсянның Иранның батысында орын алған жерсілкінісіне қатысты жолдауына алғыс айтты. Зариф Арменияны Иранның жақсы көршісі деп атап, ортақ комиссиялар өткізуді екі елдің экономикалық қарым-қатынастарының дамуына себеп болатынын айтты.