Солтүстік Корея жетекшісі ядролық қару-жарақты жетілдіру ісін жалғастыратынын қуаттады
(last modified Mon, 04 Dec 2017 09:06:29 GMT )
Жел 04, 2017 15:06 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея жетекшісі ядролық қару-жарақты жетілдіру ісін жалғастыратынын қуаттады

Ким Чен Ын Солтүстік Кореяның АҚШ-қа қарсы ядролық тежегіш күшін дамыту қажеттігін қуаттап, қару-жарақ жасауда ешқандай шектеу қоймайтынын мәлімдеді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ким Чен Ын дүйсенбі күні: "Қазір біздің қолымызда АҚШ-тың кез келген жерін жермен-жексен ете алатын "Hwasong-15" атты құрлықаралық баллистикалық зымырандарымыз бар",- деді.

Солтүстік Корея жетекшісі ішкі технологияларға иек артуды бұл елдің АҚШ-тың Пхеньянға қарсы қоқан-лоққыларына табандылық көрсетудің сыры деп атады.

Биыл қарашаның жиырма тоғызы "Hwasong-15" атты құрлықаралық баллистикалық зымыраны 43 минутта 950 шақырымды басып өтіп, Жапон теңізіне түскен болатын.

Сарапшылардың айтуынша, бұл зымыран стандартты жағдайда ұшырылып жатқанына байланысты 13 000 шақырым қашықтыққа дейін ұшып, АҚШ-ты нысанаға ала алады.