Қази Асгяри: Иран мен Ресей – лаңкестікпен күрестің көшбасшылары
Ислам революциясы жетекшісінің қажылық және зиярат істері жөніндегі өкілі әрі ирандық қажылардың жетекшісі Мәскеуде РФ кеңесі басшысының орынбасары Ильяс Умахановпен кездесуінде аймақтық өзгерістерге тоқталып, Иран мен Ресейді лаңкестікпен күрестің ту ұстаушылары деп атады.
Сейіт Әли Қази Асгяри осы кездесуде Теһран мен Мәскеудің лаңкестікпен күресте жақсы әріптестік жасағанына тоқталып, әріптестіктің басқа салаларда да, әсіресе экстремизммен және бөгделердің аймаққа ықпал етуімен күресу салаларында да дамуы керектігін баса айтты.
РФ кеңесі басшысының орынбасары Ильяс Умаханов та кездесуде Батыс елдерінің Таяу Шығыс аймағындағы лаңкестікке қолдау көрсеткенін қуаттап, Иран мен Ресейдің өз әлеуеттерін бірлесе пайдалану арқылы қиындықтарды шешуге және ортақ мақсаттарды орындауға көмектесуі керектігін сұрады.