Путин Ресей армиясының Сириядағы әскери амалдары аяқталғанын жариялады
РФ Президенті Владимир Путин Сириядағы лаңкестер толық жеңілгеннен кейін нақты жеңіске қол жеткізілгенін қуаттады.
«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, РФ Президенті сәрсенбі күні Ресей армиясының Сириядағы Евфрат өзенінің екі жағалауындағы әскери амалдарының аяқталғанын жариялады.
Путин Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу арқылы осы әскери оқиға жөнінде хабардар болғанын және ДАИШ-тың Ефрат өзенінің екі жағалауында толық жеңіліске ұшырағанын мәлімдеді.
РФ Президенті Сириядағы ДАИШ-тен кейінгі кезеңге тоқталып: «Сирияның ұлттық диалог үдерісі ілгерілейтін болады. Соғыстан зардап шеккен бұл елді қайта қалпына келтіру жолындағы келесі маңызды қадам – президенттік және парламенттік сайлаулар өткізу»,-деп мәлімдеді.